- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде «Болашақ» стипендиаттары Қауымдастығының өкілдігі ашылады (ФОТО)
Ақтөбеде «Болашақ» стипендиаттары Қауымдастығының өкілдігі ашылады (ФОТО)

Бейресми кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған болатын. Оған «Болашақ» бағдарламасының Ақтөбе облысынан шыққан 40 түлегі қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов «Болашақ» бағдарламасы еліміздің кадр әлеуетін қалыптастырып келеді, өңір басшылары ақтөбеліктердің әлемнің озық университеттерінде алған білімдері республиканың, оның ішінде Ақтөбе облысының да дамуына бағытталатынын атап өтті.
“Бүгін біз сіздермен ынтымақтасып, жұмыс істеу жолдарын белгілеу үшін бас қосып отырмыз. Мүмкін сіздерге өз әлеуетеріңізді айқындауға билік тарапынан көмек керек болар, біз өз кезегінде бағдарлама түлектерін облыс дамуының әлеуметтік және экономикалық дамуына белсенді түрде жұмылдырсақ дейміз”, - деп атап өтті Асқар Шериязданов.
Оның айтуынша, алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін Ақтөбеде ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипдениаттарының қауымдастығы ашылады. Оған Ақтөбе облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының қазіргі басшысы Ермек Кенжеханұлы жетекшілік ететін болады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәліметтері бойынша, 2005 жылдан бері «Болашақ» стипендиясы Ақтөбе облысының 291 тұрғынына берілген. Қазіргі таңда әлемнің жетекші университеттерінде, әсіресе АҚШ пен Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша 34 ақтөбелік білім алып жатыр.
-
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды
-
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар
-
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады
-
2020 жылы «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін үміткерлер нені білуі тиіс
-
17 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді: Қандай нысандар ашылады
-
"Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарнасы ашылады - А.Балаева
-
Алматының Әуезов ауданында жаңа мектеп ашылады
-
Биыл «Атырау-Астрахань» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)
-
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)
-
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)
-
Индустрияландыру картасы аясында биыл 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады

