• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО елдерінде «бірыңғай терезенің» ұлттық механизмдерін дамыту жағдайының бағасы берілуде

ЕАЭО елдерінде «бірыңғай терезенің» ұлттық механизмдерін дамыту жағдайының бағасы берілуде

9 Шілде, 2016 10:32
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Мукай Қадырқұлов «бірыңғай терезе» механизмдерін дамытуға арналған жұмыс тобының екінші отырысында өткізді.

Шараға Армения, Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстан, Ресей мемлекеттік органдарының  өкілдері қатысты, олар  «бәрыңғай терезе» мен Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің жұмысына жауапты.

Стратегиялық жоспардың шараларын жүзеге асыру  аясында ЕАЭО мемлекеттік мүшелері ұлттық механизмдердің сараптама жағдайын тексереді.

Айта кетейік, осыған дейін 24 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Владимир Скибаның төрағалық етуімен Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде «бірыңғай терезе» тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі жұмыс тобының «Рұқсат беретін құжаттар» тақырыптық блогының алғашқы отырысы болды.

Отырыс 2015 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті электрондық құжаттарды ресімдеуге және пайдалануға көшу үшін жағдай жасауға байланысты Комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) жұмысының қисынды жалғасына айналды.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Одақтың құқығына өзгерістер енгізуге байланысты ұсыныстар дайындау бойынша одан арғы қадамдар белгіленді, олар электрондық құжаттарды қағаз тасығыштардағы құжаттармен тең жағдайда ресімдеуге мүмкіндік беретін нормаларды бекітеді.

Отырыста рұқсат ететін құжаттарды беруге электрондық түрде өтініштер берумен, дайындық кезеңдерін қадағалаумен және оларды алумен байланысты рәсімдерді СЭҚ қатысушылардың атынан арнайы бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды тарту мүмкіндігі де қаралды. Тараптардың уәкілетті органдарымен және ЕАЭО бизнес-қоғамдастығымен осы мәселе бойынша консультациялар өткізу туралы шешім қабылданды.

Барлық жаңалықтар