- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жетім балалардың деректер базасын пилоттық режимде іске қосты
Қазақстанда жетім балалардың деректер базасын пилоттық режимде іске қосты
«Сайтта барлық балалар мен әлеуметті ата-аналардың жеке деректерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сайтында балалар мекемелерінде тәрбиеленетін жетім балалар туралы туынды деректерді жариялайды. Туынды ақпаратқа жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, мінезінің ерекшеліктері, ата-ана қамқорлығының болмау себептері, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының), кәмелетке толған туыстарының бар-жоғы, сондай-ақ отбасыларға тәрбиелеуге орналастырудың ықтимал нысандары туралы ақпарат және балалардың фотосуреттері жатқызылады. Ақпаратта баланың сауалнамасының нөмірі көрсетіледі. Осы нөмірдің арқасында әлеуетті ата ананың кандидатурасын мақұлдағаннан кейін бала туралы толық аққпаратқа жедел қол жеткізе алады»,-деп түсіндірді Б.Әкімбекова.
Бұл балаларды отбасыларға беру үрдісін белсендендіріп жетім балалар туралы туынды ақпаратты елдің барлық адамдарына айқындығы мен қолжетімділігін қамтамасы етуге көмектеседі.
Сонымен бірге Республикалық деректер қорында орталық жергілікті деңгейлерде мүдделі мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шетелдік мекемелерімен өзара қарым-қатынас орнатып, балаларды асырап алуға ниет білдірген тұлғаларды, соңдай-ақ, шетелдің шетлдік азаматтарды есепке алуды бақылауға алуды көздейді.
Ел басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 сәуірде қол қойған Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2017 жылғы 01 қаңтарынан бастап Деректер банкінің жұмыс істеу нормалары жүзеге асыралады.
ҚР БҒМ балалардың құқтарын іске асыруда және жетім балаларды жедел отбасыларына орналастыру үшін ҚР Бас Прокуратурасының қолдауымен балалардың жеке деректердің қорғалуы боыйнша заңнамадағы талаптардың сақталуымен Деректер банкі пилоттық жобасының енгізілуін бойынша жариялайды.
Қазіргі уақытта жүйені басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Деректер банкінің және ондағы ақпарат бойынша жетелдіру жұмыстары үнемі жүргізіледі.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады