• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО мен Павлодар облысының әкімдіктері өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды (ФОТО)

БҚО мен Павлодар облысының әкімдіктері өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды (ФОТО)

8 Шілде, 2016 19:33
Батыс Қазақстан облысына Павлодар облысының делегациясы келді. Екі аймақтың басшылары жиналыс өткізіп, ол жерде аймақаралық қоғамдасу талқыланды, сонымен қатар БҚО мен Павлодар облыстарындағы жетекші кәсіпорындарының бірқатар іс-шаралары таныстырылды.

Айта кетейік, кездесу өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына орай өткізілуде. Облыс әкімдері қысқа түрде өз аймақтарын таныстырып өтті, деп БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

КПО бас директоры Ренато Маролидің айтуынша, консорциум – республикадағы бірінші компания және ол жергілікті қамтамасыз ету бағдарламасын жүргізді. Бүгінгі күні оның базасында 3800 қазақстандық кәсіпорын тіркелген. Өткен жылы компания жергілікті қамтуды дамыту үшін шамамен 500 млн доллар инвестиция жасады. Бүгінгі күні жергілікті жеткізушілермен 150 млн теңгенің 50 келісіміне ие.

«БҚО үлкен жобалардың іске асуымен қызықты – Қарашағанақтың ұлғаюы. Біздің кәсіпорындар бұл жобаға қатыса алады. Көбінесе, KSP Steel» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ, барша Қазақстан бойынша өзінің сапасымен танымал болған өнімдер, сондай-ақ РФ аймақтарының қатары. Сонымен қатар, бүгінгі кездесуде құрылыс компанияларын, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарды таныстырдық. Біз БҚО-да қандай өнімге сұраныстын бар екендігін зерттеудеміз және аймақта бизнестің дамуы үшін барлық күш жірегімізді саламыз»,- деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Тараптар тиісті ақпараттармен алмасып, тиісті құжатттарға қол қойды. Сонымен қатар, Павлодар облысының делегациясы Оралдың трансформатор зауытында,  Оралдың сауда-өнеркәсіптік компаниясы мен «Стекло-Сервис» ЖШС-да болды.

Барлық жаңалықтар