• Басты
  • Жаңалықтар
  • БЖЗҚ мен Ұлттық қор есебінен 155 млрд теңге ШОБ-тың айналым капиталына бағытталады

БЖЗҚ мен Ұлттық қор есебінен 155 млрд теңге ШОБ-тың айналым капиталына бағытталады

8 Шілде, 2016 17:09
БЖЗҚ мен Ұлттық қор есебінен 155 млрд теңге ШОБ-тың айналым капиталына бағытталады.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева хабарлады.

«Сонымен қатар, өткен жылдан бастап ҚР Үкімет пен Ұлттық банкінің бірлескен іс-қимылдыжоспарлар шеңберінде ШОБ субъектілеріне өңдеу өнеркәсібінде жеңілдікті қорландыру ұсынылды, оған 200 млрд. теңге бөлінді.2016 жылға Дағдарысқа қарсы қосымша шаралар шеңберінде ШОБ-тың айналым капиталына және қарыздардың қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаттарынан 200 млрд. теңге көлемінде ШОБ қажеттілігін қорландыру көзделген.2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойыншаосы қызметті револьверлік орналастыру есебінен 260 млрд.теңгеден жоғары сомаға 1 353 ШОБ жобасы қаржыландырылды», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл 761,5 млрд. теңге сомаға өнім шығаруға, 15 786 жұмыс орындарын құруға, 66,8 млрд. теңге бюджетке түсетін салық сомасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Бұдан басқа, 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша шаралар шеңберінде ШОБ-тың айналым капиталына және қарыздарды қайта қаржыландыруға қажеттілігін БЖЗҚ қаражаттарынан 200 млрд. теңге көлемінде қорландыру көзделген.

«ШОБ-ты одан әрі ынталандыру үшін өңдеу өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша қосымша қолдау шаралары пысықталуда.Бұдан басқа, жұмыспен өнімді қамтуды қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметінің қолданыстағы микрокредиттеу жүйесін жетілдіру ұсынылады.Осыған орай, кәсіпкерлік қызметіндегі микрокредиттеуді бинесті ауылда немес қалада жүргізу аумағына байланысты жағдайды бейімдеумен екі кешенді бағытта жүзеге асыру ұсынылып отыр.Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің кепілдіктерінің жетіспеушілігі және жеке сектор инвестицияларын тарту мәселелерін шешу үшін 5 млрд.теңгеге дейінгі жалпы портфелін ауылдардағы және қалалардағы микрокредиттерді 90%-ға кепілдендіру бағдарламасын іске асыру ұсынылады», - деді Ғ.Жолдыбаева.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар