- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның 10 өңiрінде еңбек заңнамасы бұзылуда – ДСӘДМ
Қазақстанның 10 өңiрінде еңбек заңнамасы бұзылуда – ДСӘДМ
«Мониторинг мәлiметтерi бойынша бүгiнгi күнi елде проблемалық 429 кәсiпорын бар, осы кәсiпорындарда 125 мыңнан астам адам еңбек етедi. Еңбек тәуекелдерi картасына сәйкес, 10 өңiрде еңбек саласында тұрақсыз жағдай туындау мүмкiндiгi жоғары. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Жамбыл облыстары және Астана қаласында тәуекел деңгейi үлкен емес, бiрақ шешудi қажет ететiн мәселелер бар. Әзiрге, министрдiң айтуынша, Солтүстiк Қазақстан облысы тұрақтылық аймағында қалып отыр", - деді Т.Дүйсенова.
«Еңбек дауларының басты себебi жұмыс берушiлердiң еңбек заңнамасын бұзуы болып отыр. 2013 жылы 28 еңбек жанжалы тiркелген. Биылғы жылы бұл көрсеткiш төрт жағдайға дейiн төмендедi. Бұрынғысынша еңбек дауларының туындауына жалақыны уақытында төлемеу болып қалып отыр. Бұған мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүргiзген тексерiстер нәтижесi дәлел», - дедi ол.
4 мыңнан астам тексерiстiң қорытындысы бойынша еңбек заңдылығын бұзудың 6 мыңнан астам фактiсi анықталған. Олардың 29 пайызы еңбекақыны уақытында төлемеуге қатысты болып отыр.«Жалақы бойынша жалпы берешектiң 46 пайызы өнеркәсiп кәсiпорындарына, 17 пайызы қызмет көрсету саласы, 16 пайызы құрылыс кәсiпорындарына тиесiлi», - деп баяндады министр.
Ботагөз Айтжанова
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту