Бас Прокурор азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

8 Шілде, 2016 18:21
Бүгін Бас Прокурор Жақып Асанов азаматтарды қабылдады. Қабылданған 16 адамның екеуі өз өтініштерін бейнеконференциялық байланыс арқылы жеткізді, деп хабарлады ведомство.

Арызданушылардың өтініштері азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдар шешімдерінің заңдылығына қатысты болды.

Жақып Асанов азаматтардың айғақтарын тыңдап, Бас прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына өтініш берушілердің айғақтарын толық және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Заң бұзушылық анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізу және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Барлық жаңалықтар