• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Бишімбаев: 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ нысандарының қажеттілігі тағы 400 млрд теңгені құрайды

Қ.Бишімбаев: 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ нысандарының қажеттілігі тағы 400 млрд теңгені құрайды

8 Шілде, 2016 16:14
2015-2019 жылдарға арналған Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын өзектілендіру аясында бюджеттік инвестициялардың қажеттілігі 1 трлн теңгені құрайды, оның ішінде бюджеттік комиссия 600 млрд теңгені қолдады, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«2015-2019 жылдарға арналған Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын өзектілендіру аясында бюджеттік инвестициялардың  қажеттілігі 1 трлн теңгені құрайды, оның ішінде бюджеттік комиссия 600 млрд теңгені қолдады. ИИДМБ қажеттілігін қамту үшін  бағдарлама осыған дейінгі тәжірибені қолданбақ, яғни Ұлттық қор есебінен ұзақмерзімді теңгелік қорлауды  қолдану арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландырмақ. Сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ өзінің қаражатын қолдану көзделген,  ол басым индустриялды жобаларды жүзеге асыруды 220 млрд теңгеге қаржыландырды", - деді Қ.Бишімбаев.

Сондай-ақ,  «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы топтамасының аясында  «Бәйтерек» ҰБХ арқылы  сарапшыларды қолдау бағдарламасы жүзеге асырылды.

«Бұл шикізаттық емес өнім көлемін 187 млрд теңгеге қамтуды жүзеге асырды. 2017 жылға жобаларды қаржыландыруда аталмыш қаржы  қолданылады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар