• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР АШМ ауру жұқтырған малдарды өртейтін арнайы қондырғы орнатуды жоспарлап отыр

ҚР АШМ ауру жұқтырған малдарды өртейтін арнайы қондырғы орнатуды жоспарлап отыр

8 Шілде, 2016 16:09
ҚР АШМ болашақта өлексені көметін жерді пайдаланбау үшін ауру жұқтыратын малдарды өртейтін арнайы қондырғы орнатуды жоспарлап отыр. Ол жерден күндердің бір күнінде ауру инфекциясы өршуі мүмкін, деп хабарлады ауыл шаруашылық министрі Асқар Мырзахметов.

«Қазақстанда сібір жарасы бойынша 2604 талапқа сай емес стационарлық пункттер тіркелген. Бүгінгі таңда 702 пункт қоршалмаған және арнайы белгісі де қойылмаған. Заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар сібір жарасы бойынша көмілген жағдайда ол жердің қадағалануына жауап берулері керек»,-деп атап өтті ҚР АШМ вице-министрі Гүлмира Исаева үкімет отырысындағы өзінің есебінде.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа республика бойынша 1,6 млрд. теңге бөлуді қажет етеді. Шығынның ішінде бір өлексе көмілген жерді қоршауға 680 мың теңге жұмсалады. Негізі екі жылда жергілікті бюджеттен бұған 361,8 млн. теңге немесе қажеттіліктің 22% ғана бөлінген.

«Біз алдағы уақытта өлексені көмуді доғарып, өртейтін машина сатып алуды ұсынамыз. Осылай жасайтын болсақ, өлекседен ештеңе қалмайды және болашақта қауіп те болмайды»,-деді А.Мырзахметов.

Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдар сібір жарасы бойынша өлексе көмілген жерді темір қоршаумен немесе биіктігі 1,5 метр болатын бетон қоршаумен қоршаулары керек және арнайы қауіптілік белгісін орнатулары қажет. 

Барлық жаңалықтар