- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Бишімбаев: Халықтың әлеуметтік әлсіз бөлігі сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспанамен қамтылады
Қ.Бишімбаев: Халықтың әлеуметтік әлсіз бөлігі сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспанамен қамтылады
«Халықтың әлеуметтік әлсіз бөлігі сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспанамен қамтылады, бұл жұмыс күші қозғалысын шапшаңдатпақ. Елбасының тапсырмасы аясында биылғы жылдың 10 ақпанында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ сатып алу жолымен жалдамалы баспана құрылысын бастады. Оған Ұлттық қордан қаражат бөлінген, қаржы 20 жыл ішінде қайтарылады», -дейді Қ.Бишімбаев.
Министр құрылыстың нысаналы бағытын сатып алу құқығынсыз баспана құрылысына өзгертіп, бөлінген қаражатты қайтару мерзімін 60 жылға дейін ұзартуды ұсынды.
«Премьер-министр мақұлдаған жағдайда министрлік ҰҚБК-нің хаттамасына өзгерістер енгізу бойынша тиісті жұмыстарды атқарады. Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Самұрық-Қазынадан» бөлінген 97 млрд теңгені 2018 жылы кредиттік тұрғын үй құрылысына бағыттау ұсынылуда. Сонымен қоса, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу арқылы жеке тұрғын үй құрылысын қолдау шаралары одан әрі жалғасатын болады. Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы әзірленуде. Кәрім Қажымұқанұлы, Сіздің қарауыңызға 19 шілде күні ұсынамыз», - деп түйіндеді Ұлттық экономика министрі.
Ботагөз Айтжанова
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері