• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан әуежайларында қауіпсіздікті қамту бойынша шаралар жүргізіліп жатыр

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздікті қамту бойынша шаралар жүргізіліп жатыр

8 Шілде, 2016 15:43
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы барысында өңірлерге барған сапарлары аясында әуежайлардың қауіпсіздігін тексеріп, олардың қорғаныстарына бірқатар мәселе барын айтып өтті.

«Түрік әуежайында жақында теракт болды, біз қазір оған аса мән береміз. Қазір Елбасының тапсырмасы бойынша, мен облыстарға барғанда әуежайлардың қауіпсіздігін тексерем. Барлығы дұрыс сияқты, фактілер бойынша сұрақтар бар. Бұл мәселені аяғына дейін жеткізіп, ресурс бөлу қажет», - деді Премьер-Министр.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтып өткендей, әуежайлардағы қауіпсіздікті қамту  аса үлкен қадағалау үстінде.

«Біз барлық әуежайларға қарау желілерін күшейтуді тапсырып, ІІМ-мен бірге әуежайлардың периметрі бойынша тексеріс жүргіздік. Бүгінде қарулы күштермен бірқатар консультациялар өткіздік. 23 әуежайдағы барлық қажеттіліктің барына көз жеткіздік», - деді министр.

 

Барлық жаңалықтар