Көкшетауда жаңа емхана ашылады

28 Қараша, 2013 09:20
Жаңа емхана «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы арқылы салынды. Ол Көкшетауда ҚР Тұңғыш Президентінің Күніне орайластырылып ашылады,деп Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мекеме бірінші медициналық көмекті көрсетеді, консультативтік – диагностикалық көмек қызметін де атқарады. Бұл жерде ауысылым бойынша 350 адам мен 150 бала қарала алады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жаңа емханада күндізгі стационарың орналастырылуы қарастырылған, отбасылық денсаулық пен хирургиялық, клиникалық-диагностикалық бөлімдер де бар.

 

Барлық жаңалықтар