- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл Астанада 601 отбасы апатты жағдайдағы үйлерден көшіріледі
Биыл Астанада 601 отбасы апатты жағдайдағы үйлерден көшіріледі
Қаланың бір бөлігін қалпына келтірудің пилоттық жобасымен тұрғын үйлер салу, апатты жағдайдағы үйлерді бұзу және қаладағы «ескі орамдарды» қалпына келтіру қарастырылған. Осылайша, елорда тұрғындары ақысыз негізде жаңа пәтерлерге (ауданы ескі үйдің ауданымен бірдей) ие болады, қала абаттандырылып жатыр, бұл ретте инвестициялар қаражаттың қайтарымдылығы қағидатымен жеке инвестордан тартылатындықтан жаңа тұрғын үйдің құрылысына бюджет қаржысы жұмсалмайды.
«Жоба жақсы. Енді нысандарды тапсыруды созбай, барлық мерзімдер мен кестелерді сақтау керек. Көшіп келетін отбасылар үшін инфрақұрылымның болуын қарастыру қажет, пайдалануға берілетін баспаналарда міндетті түрде балабақшалар мен спорт алаңдары болуы тиіс» - деді Әсет Исекешев.
Жобаның бірінші кезеңінде үш жылдың ішінде 13 тұрғын үй кешенінде жалпы ауданы 234 мың шаршы м. 28 тұрғын үй тапсырылды. Аталған жоба аясында ескі және апатты жағдайдағы 1476 тұрғын үйде тұрып жатқан отбасылар жаңа баспанаға ие болды.
Жоба жүзеге асырылған жылдары Астанада 90 ескі үй бұзылды, жыл соңына дейін тағы да 27 үй бұзылады. Биыл 601 отбасы баспаналы болады. 2017 жылы 111 бұзылған ескі үйде тұрған 1872 отбасы ақысыз негізде жаңа пәтерлерге ие болады.
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаны жүзеге асырмас бұрын 2013 жылы қаланың тұрғын үй қорына талдау жүргізіліп, ведомствоаралық комиссиямен тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды апатты жағдайда және бұзуға жатады деп танылған негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілері әбден тозған тұрғын үйлердің тізімі жасалды. Тізімге 1940-1970 жж салынған 228 баспана енді, олар 2018 жылға дейін іске асырылатын жобаның бірінші кезеңінде үлестіріледі. Ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша жобаның екінші кезеңі 2018-2020 жж. жүзеге асырылады. Қазіргі кезде тұрғын үйлердің тізімі жасалып, 11 жоба әзірленіп, жетеуі дайындық үстінде. Жобаланып жатқан тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 366,5 мың шаршы м.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар -
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері