- Басты
- Жаңалықтар
- «Танк биатлоны-2016» сайысына қатысатын қазақстандық экипаждар жарияланды
«Танк биатлоны-2016» сайысына қатысатын қазақстандық экипаждар жарияланды
Еліміздің Қарулы Күштері бойынша үш экипаж құрамында 10810 әскери бөлімінің танкішілері өнер көрсетеді. Біреуінің құрамында «Астана», «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының құрама командасы. Бұл қазақстандық армияның төрт үздік танк экипажы.
Олар әскери бөлімдер, әрі қарай өңірлік қолбасшылықтар мен Құрлық әскерлері деңгейінде іріктеуден өтті. Әрқайсысының практикалық тәжірибесі және кәсіби білімі мен шеберліктің қажетті деңгейі бар. Әскери қызметшілердің айтуынша, қазақстандық командада жеңіске жетуге барлық мүмкіндігі бар. Себебі, «Танк биатлонының» өткен сайыстарында танкішілеріміз үнемі көшбасшылар үштігінде болды. «Танк биатлоны-2016» шілденің 30-ы мен тамыздың 13-і аралығында Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтеді. Оған қатысуға 17 ел ниет білдіріп отыр.
Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Венесуэла, Ангола, Беларусь, Иран, Әзірбайжан, Зимбабве, Армения, Моңғолия, Үндістан, Сербия, Кувейт, Никарагуа және Тәжікстан. Сайыс бағдарламасы танкішілерге үш күрделі кезең дайындап отыр. Ең алдымен жеке жарыс. Оған барлық командалар қатысады. Екініш кезеңде эстафета. Оған 12 команда қатысады. Үшінші кезең – соңғы эстафета. Мұнда жеңімаз атағы үшін 4 мықты команда бақ сынасады. Танк экипаждарының жарысы Армия халықаралық ойындары-2016 шеңберінде өтетінін естеріңізге сала кетейік. Биылғы жылы армия ойындары Ресей мен Қазақстанның шамамен 20 әскери полигонының аумағына өрістетіледі. АрМИ қатысушыларын осы жылы біздің еліміз алғаш рет қабылдайды. Қазақстанда «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонында армия ойындарының екі байқауы өтеді. Ол: «Артиллериялық атыс шеберлері» және «Мерген шебі».
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді