- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан: 25 жыл бейбітшілік пен бірлікте
Қазақстан: 25 жыл бейбітшілік пен бірлікте
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Алимов:
- Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев концептуальді түрде бүгінгі халықаралық қатынастардағы жағдайға заманауи және уақыт талабына қарай жауап беретін қағидаттардың негізін қалады және оны тәжірибеде жүзеге асырды. Бұл жерде мәселелерге Қазақстан өзінің ішкі саясатында қалай ұстанса, сыртқы саясатта да көзқарасы мен ұстанымына берік болды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылында нақты қойылған сыртқы саясаттағы басымдықтарымен, ұзақмерзімді экономикалық даму мен өсім тұрғысынан, жоспарланған саяси ұстанымдарымен тұрақты әрі беделді мемлекетке айналды.
Польша Республикасының Қазақсчтан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мачей Ланг:
- Биыл айрықша дата болып есептелетін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдыңын атап өтеміз. Қазақстанға – 25 жыл. Мен оның негізі қаланған күннен бастап, дамуын қадағалап келемін. Мен Қазақстанға алғаш рет 1996 жылы келдім. Одан бері қаншама жыл өтсе де, мен елдің қандай жетістікке жеткенін айтып бере аламын. Және бұл қазақстандықтарды құттықтау үшін таптырмайтын мүмкіндік.
Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников:
- Қазір Қазақстанда айтарлықтай оқиғалар болып жатыр. Бірінші кезекте, елші ретінде маған Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануын атап өту маңызды. Дауыс беруде Қазақстанның кандидатурасы айтарлықтай басымдыққа ие екенін көрсетті. Мен бұл тұрғыда ҚР барлық дипломатиялық қызметін және осы мақсатта жоғары жетістікке жету жұмыстарын қамтамасыз еткендерді шын жүректен құттықтаймын. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше бола жүріп, әлем мен халықаралық қауіпсіздікті нығайту игілігіне жұмыс істетйтініне сенімдімін.
Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ара Саакян:
- Қазақстанды көптеген елдер әлемдік саяси ойындардың маңыздысы ретінде танитын болады. Оған Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне сайлануы мысал бола алады. Дауыс басымдығының дәлелі қазақстандық саяси, экономикалық және экологиялық бастамалардың қазақстанның ішінде де болып жатқанын айғақтайды.
Будапешт Корвинус Университетінің халықаралық қатынастар мектебінің докторы Михай Аладар Добрович (Венгрия):
- Тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті. Тәуелсіздік тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде нақты атқарылды. Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың сыйлы әрі маңызды мүшесі болды. Қазақстанның пікірі мен ұстанымы қазір жоғары деңгейде есепке алынады. Аталмыш аймақта Қазақстандық моделді дамудың ең сәтті джолы деп есептейді. Қазақстан посткеңестік кеңістікте жетістігі мол ел болып қалыптасты.
Варшава қаласындағы шығысеуропа зерттеу Институтының аға үйлестірушісі, азияттық зерттеу Институтының директоры Владыслав Соколовски (Польша):
- Қазақстан 25 жылда өте көп жетістіктерге жетті. Біріншіден, бұл дұрыс ойлауды көрсеткен экономикалық даму. Жаңа технология мен инновацияны дамыту үшін не қажет екенін және жас мамандарға маңыз беру керектігі ерекше ескерілген. Екіншіден – бұл тұрақтылық. Елде тыныштық пен бейбітшілік салтанат құрғанына қарамастан, мемлекетке көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда тұрақтылықты сақтау мүмкін болды. Ел жүргізіп отырған әлемдік қоғамдастыққа деген құрмет пен сыртқы саясатты атап өту керек. Қазақстан – өте дипломатиялық ел.
Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына арналған Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметінің азаматтық қоғам институтымен бірлесе атқаратын жұмыстарын орындау туралы жеке іс-шара жоспары жүзеге асуда.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі