- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде теміржол вокзалында жолаушыларға қызмет көрсету сапасы тексерілді
Ақтөбеде теміржол вокзалында жолаушыларға қызмет көрсету сапасы тексерілді
Кеңесті ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Ә.А. Асавбаевтың төрағалық етуімен Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарының, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Вокзал-сервис» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі еліміздің барлық теміржол вокзалдарында заңсыз араласу актілерінен қорғанысты арттыруға бағытталған жұмысты кезең-кезеңмен жүргізуді жоспарлаған.
Бұдан басқа, Ақтөбедегі кеңесте теміржол вокзалын «Теміржол вокзалдарында жолаушыларға қызмет көрсету» Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Кездесу нәтижесі бойынша қозғалысы қиын адамдар үшін вокзалдың қолжетімділігін толық қамтамасыз етуге ұсынымдар берілді.
Жалпы алғанда, Ақтөбе вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы аяқталғанын ескерсек, қызмет көрсететін персоналға, күту залдарына, вокзал маңы аумағына, қызметтік-техникалық бөлмелерге және вокзал комплексін ақпараттық жабдықтандыруға арналған талаптар қанағаттанарлық деңгейде қалып отыр.
ҚР ИДМ Көлік комитеті вокзалдарда проблемалық мәселелерді талқылау кеңестерін тұрақты түрде өткізіп тұрады.
Анықтама:
2012 жылдан бастап, Күрделі жөндеу бағдарламасы іске асуда, оның аясында 136 теміржол вокзалында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді:
91 вокзалда мүгедектер үшін билет кассалары қайта жабдықталды;
- 210 вокзалда қиын кірілетін жерлерде пандустар салынды;
- 33 вокзалда арнайы туалеттер жабдықталды;
- 30 вокзалда нашар көретін адамдардың ыңғайы үшін жоғарғы және төменгі саты баспалдақтары сары түске боялды
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды