- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Қарулы Күштері түнгі уақытта оқу дабылы бойынша көтерілді
Қазақстанның Қарулы Күштері түнгі уақытта оқу дабылы бойынша көтерілді
Бұл қазақстандық армияның жауынгерлік әзірлігінің ағымдағы тексерісінің ерекшелігі болып табылады. Бұл ретте диверсиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылды. Бөлімшелер жедел тапсырма алды, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады.
Қарулы Күштер ауқымындағы оқу дабылы – ағымдағы апта бойы еліміздің Қарулы Күштерінде өтіп жатқан жауынгерлік әзірлік бойынша сабақтардың соңғы бөлігі. Іс-шаралар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша өткізілді.
Ең алдымен бөлімшелер мен взводтар деңгейінде, әрі қарай роталар мен батальондар, әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар (әскер тектері), содан кейін әскер түрлері мен жалпы ҚР ҚК деңгейінде өтті.
Түрлер мен әскер тектерін, өңірлік қолбасшылық әскерлерін басқару органдарында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде штабтардың үйлесуі бойынша жекелеген және бірлескен штабтық жаттықтырулар өткізілді. Әскери қызметшілер кәсіби жауынгерлік және дене даярлығының негізгі нормативтері бойынша сынақ тапсырып, графикалық және өзге де жауынгерлік құжаттарды әзірледі.
Әскери жанжалдар сипатының күрт өзгеруі, сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерінің енгізілуі жағдайында әскери қызметшілерге өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру, қысқа мерзімде жан-жақты дайындықты жүзеге асыруға, ұйымдасқан түрде қарсыласпен ұрысқа түсуге және қойылған тапсырманы орындау үшін ұдайы жауынгерлік әзірлікте болу маңызды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары