- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ауылдық аудандары «Денсаулық жолы – 2016» акциясы шеңберінде тегін медициналық көмек алуда
Қазақстанның ауылдық аудандары «Денсаулық жолы – 2016» акциясы шеңберінде тегін медициналық көмек алуда
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Батыс Қазақстан облысының Федоровка және Еңбек ауылдарының тұрғындары үшін ағымдағы жылдың 4 шілдесінен бастап құрамында терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинеколог, онколог-маммолог, стоматолог, ультрадыбыстық зерттеудің және клиникалық зертхананың мамандары бар дәрігерлер бригадаларының шығуы ұйымдастырылуда. Өңірде акция 20 шілдеге дейін жалғасады. Сондай-ақ, Чапаев, Еңбек, Жалпактал және Бөрлі ауылдарына 20 маусымнан 20 шілдеге дейін флюорографикалық қондырғылардың шығуы ұйымдастырылады.
Шілденің 7-нен 27-не дейін акция шеңберінде Алматы қаласының медицина ұйымдарының мамандарымен «Барлык», «Болашак», «Казына», «Кенжехан», «Сәлем», «Рахат» және «Ялянь» әмбебап базарларында қала тұрғындары үшін консультациялар және лабораториялық-диагностикалық зерттеулер өткізіледі.
Маңғыстау облысында 11 шілдеден бастап жылжымалы медициналық кешеңдер Маңғыстау ауданының шалғайдағы ауылдық округтеріне барады, олардың тұрғындары 17 шілдеге дейін тегін скринингтік тексерулерден өтіп, сондай-ақ әлеуметтік аурулар бойынша медициналық көмек алады. Мобильдік топтардың шығуы окулист, офтальмолог, терапевт, пульмонолог, педиатр және кардиологтың қатысуымен ұйымдастырылады.
Одан басқа, 11 шілдеде мамандардың Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылына баруы да жоспарлануда.
Ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтетіндігін естеріңізге сала кетейік. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда