• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: 2016 жылы Ақтөбе облысында Индустрияландыру картасының 13 жобасы пайдалануға беріледі

ИИДМБ: 2016 жылы Ақтөбе облысында Индустрияландыру картасының 13 жобасы пайдалануға беріледі

8 Шілде, 2016 11:32
Ақтөбе облысында биыл ИИДМБ-ның 13 жобасы өндірістік қызметті бастайды. Оның сомасы 15,9 млрд теңге. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жобасын іске асыру туралы өткен жиналыс барысында белгілі болды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының Кәсіпкерлікті қолдау картасына сомасы 812,3 млрд теңге болатын және 13,2 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 94 жоба еніп отыр. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы сомасы 562,2 млрд теңге болатын 79 жоба іске қосылып, 7,3 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Отырысты ашқан Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының кәсіпорындар қуаттылығын 100 пайызға жеткізуге қатысты тапсырмаларын орындау қажеттілігіне тоқтап өтті. Жалпы, 2010 жылдан бері индустриалды-инновациялық бағдарлама жобалары бойынша 1,1 трлн теңгенің, оның ішінде биыл 5 айда 68,5 млрд. теңгенің өнімі (өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 15,7 пайызы) шығарылды.

2016-2019 жылдар аралығында өңірде 15 жоба қолданысқа беріліп, 5,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Жыл қорытындысына сәйкес, 15,9 млрд теңгенің 13 жобасы пайдалануға беріледі. Алғашқы жартыжылдықта бір жоба – қуаттылығы жылына 111,6 мың тонна болатын аз тоннажды мұнай өңдеу зауыты пайдалануға берілді.

Айта кетейіек, 2016 жылдың соңына дейін іске қосылатын индустриалды-инновациялық бағдарлама жобаларының қатарында жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй салатын ұй құрылыс комбинаты да бар. Бұл өз кезегінде болашақта импорт материалдарды ығыстыру есебінен тұрғын үй бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда Ақтөбе қаласы, Мұғалжар, Алға және Хромтау аудандарының кәсіпкерлері белсенділк танытуда. Өз кезегінде Ырғыз, Ойыл және Қобда аудандарында бұл жұмыстар ойдағыдай емес.

Өңір басшысы таяуда тағайындалған аудан әкімдеріне бұл мәселені назарда ұстау керектігін ескертті. Әкім сонымен бірге мемлекеттік индустиалды-инновациялық даму бағдарламасына ұсынылатын жобаларды іріктеу керектігін де атап өтті.

“Бұл мәселеге барлық жауапкершілікпен қарау керек. Он емес, бес жоба болса да болашақта өңір экономикасының дамуына оң әсер ететін, облыс тұрғындарын тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз ететін тиімді инвестициялық жоба болулары керек”, - деді Бердібек Сапарбаев.

Барлық жаңалықтар