• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан халқы Ассамблеясы ешқашан этникаралық шиеленіске жол бермеді – А.Мурадов

Қазақстан халқы Ассамблеясы ешқашан этникаралық шиеленіске жол бермеді – А.Мурадов

8 Шілде, 2016 10:36
Қазақстан халқы Ассамблеясы ешқашан этникаралық шиеленіске жол бермеді, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Біз болашақтың біртұтас ұлтын қалыптастырып жатырмыз. Мен -шешенмін, қазір ҚХА атынан Парламент Мәжілісінде депутатпын. Бұл этникалық өкілділік ҚХА арқылы жүзеге асып отыр. Біз ҚХА ел ішінде адамдарды діндік немесе ұлттық мәселе бойынша қақтығыстыратын жағдайды ешқашан жасамадық», - деді А.Мурадов.

Ол айтып өткендей, Қазақстанның 25 жылдағы басты жетістігі – діндер мен ұлттар арасындағы сенімділік.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы ешқашан этникаралық шиеленіске  жол бермеді», - деді ол.

Депутат Қазқстанда барлық этникалық топтардың қызығушылығы ескеріліп отыратындығын айтты. Ол этникалық мәселенің ең маңызды бөлігі.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар