Астана Күні Польша Парламентінде аталып өтілді

8 Шілде, 2016 09:24
2016 жылдың 6 шілдесінде Қазақ хандығының 550-жылдығы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, сонымен қатар, Қазақстанның астанасы Астана Күні құрметіне Польша Сенатының маршалы Станислав Карчэвскидің қатысуымен Польша Парламентінде Қазақстанмен ынтымақтастық бойынша парламенттік топ мүшелері, кең көлемдегі польшалық қоғамдық «Хандықтан Республикаға дейін. Тарихи және Қазақстанның заманауи жағдайдағы мемлекет болып қалыптасуы» кітабының тұсаукесері болды. Кітап авторы – Қазақстанның үлкен досы, Қазақстандағы Польшаның бұрынғы елшісі Владыслав Соколовский.

ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев отырысқа қатысушыларды Мемлекет басшысының негізгі әлеуметтік-экономикалық саясат пен екі елдің өзара іс-қимыл перспективалары туралы, сонымен қатар, халықраралық бастамалары жөнінде таныстырды.  Ол Қазақстан-Польша сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың әлеуеті үлкен екенін атап өтіп, Қазақстандағы поляк диаспорасы достықтың алтын көпірі және екі ел арасындағы өзара түсіністік белгісі екенін айтты. Қазақстандық поляктар елдің мемлекеттік және қоғамдық өміріне белсенді атсалысады.

Отырысқа қатысушылар Қазақстанның экономикалық дамуы мен жаңғыруын жедел қарқынмен дамығанын атап өтіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен дінаралық және ұлтаралық келісімнің үлгілі моделін қалыптасқанын, осы арқылы әлемдік аренада биік беделге қол жеткізгенін ерекше айтты. Олардың пікірінше, Астана тәуелсіздік пен ұлттық бірліктің айрықша нышаны.

Өз кезегінде С. Карчэвский Қазақстанның ЕАЭО кеңістігінде Польшаның маңызды серіктесі екенін айта келе, барлық қазақстандықты 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК құрамына сайланғандағы тарихи жеңісімен және астана Күні мерекесімен құттықтады. 

Барлық жаңалықтар