- Басты
- Жаңалықтар
- И.Кәрімов: БҰҰ ҚК мүшелікке сайлануы – Қазақстанның халықаралық аренадағы биік беделінің мойындалуы
И.Кәрімов: БҰҰ ҚК мүшелікке сайлануы – Қазақстанның халықаралық аренадағы биік беделінің мойындалуы
7 Шілде, 2016 20:29
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы Қазақстанның жеңісіне байланысты Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
И.Кәрімов жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі өкілеттік жүктелген осындай өкілді органда мүшелік ету Қазақстанның халықаралық аренадағы биік беделінің әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалуы болып саналатынын атап өткен.
«Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметі кезінде Қазақстан БҰҰ институттары мен органдарын жетілдіру үшін, оның жалпыға ортақ тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етудегі рөлін нығайту үшін барлық жағдайды жасайтынына нық сенімдімін», – делінген жеделхатта.
И.Кәрімов Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, жұмысына табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды