• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі АӨК өнімдерін өндіруге жекеменшік шаруашылықтарды тартуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі АӨК өнімдерін өндіруге жекеменшік шаруашылықтарды тартуды тапсырды

7 Шілде, 2016 18:49
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысының шаруашылық басшыларымен өзекті мәселелерді талқылады. Басты мәселе ауылдық жерлерде жұмыспен қамту шараларын арттыру болды.

К.Мәсімов айтып өткендей, қазіргі кезде мемлекет, әсіресе, ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды белсендіру үшін бірқатар шараларды қолға алуда.

Ол сонымен қатар бүгінгі күнде ауылдық жерлердегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар саны 1,5 млн адамға жуықтағанын атап өтті.  

Премьер-Министр жекеменшік қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін жұмыспен қамтуға тартуды тапсырды. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қосымша жүн түтіп, тері илеумен, көкөніс өсірумен, ара шаруашылығымен, құс өсіру отбасылық кәсібімен, тауарлық балық өсірумен айналыса алады.

Айта кетейік, бұл кездесу К.Мәсімовтің «Дәмдi» тауар белгісімен «РЗА» сүт-тауар кешенін аралап көру қорытындылары бойынша өтті. Белгілі болғандай,  2016 жылдың І тоқсанында 79 млн. теңгеге 1506,4 тонна шикі сүт өндірілген, өндірістің жоспарлық қуаттылығы 102,4% игерілді.

Барлық жаңалықтар