- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының Жастар ісі жөніндегі кеңесінде жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
Ақтөбе облысының Жастар ісі жөніндегі кеңесінде жұмыспен қамту мәселесі талқыланды
Шара барысында жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Белгілі болғандай, 2016 жылы өңірде 19 мыңнан астам адам, оның ішінде 6,5 мың жас азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
Жыл басталғалы бері 887 адамға жастар тәжірибесіне жолдама берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған 1 135 адамның 33 пайыздан астамы жастар. Сонымен қатар уақытша қоғамдық жұмыстарға 1 589 жас ақтөбелік жұмылдырылды.
Бас бостандығын шектеу орындарынан шыққан азаматтарды еңбекпен қамту немесе қайта оқыту мәселелері назарға алынған. Таяу уақытта түзету колонияларынан босатылатын азаматтар туралы мәліметтерді қылмыстық-түзету жүйесі мекемелері еңбекпен қамту органдарына жібереді.
Облыс әкімін жас азаматтарды жұмыспен қамтумен байланысты өзге де мәселелер, оның ішінде осы бағытта өзге құрылымдармен жұмыс жүргізу барысы қызықтырды.
“Түрлі жағдайларға байланысты көптеген түлек жоғары оқу орындарына түсе алмайды. Жұмыс ұсынғанда мектеп бітірушілерге курстарда оқу арқылы мамандыққа ие болып, өз нанын өзі тауып жеу мүмкіндігі берілетінін ескерту керек. Біздің оқу орындарының түлектері мамандық қажет салаларда еңбек етулері тиіс. Әйтпесе, жұмыссыздар қатарын көбейтулері мүмкін”, - деді Бердібек Сапарбаев.
Өңір басшысы аулаларды ерікті түрде қалпына келтіріп жатқан ПИК жұмыстарының сапасы туралы да сөз етті.
“Пәтер иелері кооперативінің жұмысына қатысты сұрақтар көп. Біз олар үшін жұмыс жасаймыз, ал кооператив тек ақша жинауды біледі. Бұл қаражат қайда кетіп жатыр, белгісіз. Сондықтан қала әкіміне ПИК жұмыстарын бір жолға түсіруді тапсырамын”, - деді Бердібек Сапарбаев.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді