- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этностың мүддесін нығайтты – «Оберег» украин бірлестігі
Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этностың мүддесін нығайтты – «Оберег» украин бірлестігі
«Тәуелсіздіктің алғашқы күінен бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына ерекше мән беріп келеді. Республиканың барлық жетістіктерінде бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі бар. Ал, мемлекет Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің дәстүрлері мен мәдениеттерінің сақталуына барлық жағдайды жасап отыр. Бүгін достық, сенім, ниеттестік сияқты құндылықтар әр қазақстандық үшін жақсы әдетке айналған»,-деді Т.Ширмер.
Ол атап өткендей, осындай жақсы дүниелер Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің арқасында мүмкін болып отыр.
«Этносаралық мәселелер бойынша қоғамдық институт құру идеясын 1992 жылы Мемлекет басшысы алғаш рет айтқан болатын. 1995 жылдың наурыз айында өткен Қазақстан халқының алғашқы форумында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы жаңа консультативті-жиналыс органы құрылды. 21 жылда Ассамблея мемлекеттік саясаттың сәтті жүзеге асуында маңызды құралға айналды»,-деді Т.Ширмер.
Оның пікірінше, өзінің құрылған уақытынан бері парламенттік институтты алмастырған емес.
«Сонымен қатар, этникалық топтарға қадағалау жасайтын бюрократтық институтқа айналған жоқ. Керісінше, барлық этностың мүддесін нығайтатын, заңды мүлтіксіз сақтауды және этникалық және діни сеніміне қарамастан барлық азаматтардың еркіндігін қамтамасыз ететін басты институтқа айналды»,-деп атап өтті Т.Ширмер.
Ботагөз Айтжанова
Сурет Азамат Алиевтікі
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді