- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары шығысқазақстандықтармен Ұлт жоспарын жүзеге асыруды талқылады
Мәжіліс депутаттары шығысқазақстандықтармен Ұлт жоспарын жүзеге асыруды талқылады
Бақытжан Ертаев пен Евгений Козлов ең алдымен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында әділет саласының және ауған соғысы жауынгерлері өкілдерімен кездесті.
Басқосу барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» халықа жолдауы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы тақырыптарында кеңінен сөз қозғалып, жүзеге асу деңгейіне көңіл бөлінді.
Әрі қарай, Мәжіліс депутаты Евгений Козлов сайлаушылардың үйлерін аралап, өскемендіктері алаңдатып отырған мәселелер жайлы, сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасының басты аспектілері жайлы сөз қозғады.
Бахытжан Ертаев болса осы күні Аягөз ауданындағы жаңадан салынып жатқан шағын ет комбинатының жұмысынмен танысып, өнім өңдеу мен өткізуде қандай мәселелер барына назар аударды.
«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов болса шілденің 5-7 күндері Аягөз ауданына қарасты Майлин, Ақшатау, Ақшәулі, Бидайық, Мыңбұлақ, Өркен және бірнеше ауылда болып 400 ден астам ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Мұндай кездесу теміржолшылар қауымымен де жалғасты. Барлық басқосуда Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бойынша атқарылуы тиіс бағыттарды әңгімелеп беріп, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аягөз тұрғындарымен кездесу кездерінде көтерілген сұрақтардың кейібірін атай кетсек. Олар: әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу барысында кездесетін түрлі жағдайлар, жастарды жұмыспен қамту, игерілмей жатқан жер телімдерін қайта қарау, тері мен былғары өңдеу, зейнетақының төменгі деңгейін көтеру, мемлекет қаржысына салынып жатқан құрылыстарды қатаң бақылау, ауыз су және өзгелер. Осы сұрақтардың ішінде көпшіліктің көкейкесті мәселесі ретінде жолдарды күрделі жөндеуден өткізу болып табылғандай.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді