Премьер-Министр Аралды қалпына келтіру бойынша жұмыс сапасын бағалады

7 Шілде, 2016 16:39
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүр. Арал ауданына келген соң Кәрім Мәсімов Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу бойынша жұмыс сапасын бағалады, деп хабарлады pm.kz.

Жауапты тұлғалар Кәрім Мәсімовке «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Сонымен қатар Кәрім Мәсімов қажетті суармалы жерлердің су шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізді, оған ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, облыстар әкімдерінің орынбасарлары және су шаруашылығы саласындағы сарапшылар қатысты. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар