• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ғ.Дұғалов: Республикада өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін 467 метрологиялық қызмет жұмыс істейді

Ғ.Дұғалов: Республикада өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін 467 метрологиялық қызмет жұмыс істейді

7 Шілде, 2016 18:13
Республикада өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін 467 метрологиялық қызмет кәсіпорыны мен мемлекеттік метрологиялық жұмыс істейді, деп хабарлады Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұқбат берген ҚР Инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов.

«ЕАЭО, ДСҰ аясындағы жұмыстар жоғары басымдықты инновациялық даму бойынша, экономика мен өмір сапасын нығайту бағытында көлік секторы, ақпараттық технология, телекоммуникация, энергетикалық сектор, жаңа энергия көздерін игеру қажеттілігінің артуы сенімді өлшем нәтижелеріне байланысты»,-деді Ғ.Дұғалов.

Оның мәліметі бойынша,  бүгінгі күні республикадағы заңды тұлғалар құрамында және дербес зертхана ретінде метрологиялық өлшем әдістемесі орындалған 367 акредиттелген зертхана, 742 сынақ зертханасы, 30 калиьрлендірілген зертхана, 4 ұйым бар.

« «Бірлік өлшемін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 16, 23 тармақтарына сәйкес, метрологиялық қызметті мемлекеттік басқару органдарында, заңды және жеке тұлғаларға немесе денсаулықты қорғау, қоршаған ортаны, энергоресурстар мен өндіріс тіркеуін, мемлекеттік тіркеу мен сауда-коммерциялық операцияларда, ғылыми зерттеулерде, көлік қауіпсіздігінде, коммуналдық қызметте, байланыс қызметінде геология мен гидрометеорологияда, баға сәйкестігі бойынша ұйымдық іс-шаралар өткізуді міндеттейді»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар