К.Мәсімов тұз өндіретін «Аралтұз» кәсіпорнында болды

7 Шілде, 2016 16:21
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ас тұзы мен техникалық тұз өндіретін «Аралтұз» АҚ кәсіпорнында болды, деп хабарлады pm.kz.

К.Мәсімов дайын өнім цехын, орау және шикізатты өңдеу цехтарын көріп, тұз өндірудің технологиялық үрдісімен танысты. «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашев Премьер-Министрді кәсіпорын қызметі туралы ақпараттандырып, дайын өнім үлгілерін көрсетті.  

«Арал­тұз» АҚ тұз өндіру кәсіпорны 2014 жылы пайдалануға берілген, таяу жылдары мұнда екінші өндіріс цехын ашу жоспарлануда. Жоба қуаттылығы жылына 320 мың тонна өнімді құрайды. Екінші цехты іске қосудың арқасында өндіріс қуаттылығын арттыру жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар