• Басты
  • «Нұрлы жол»:Осакаровка-Батпақ учаскесіндегі цемент бетонын төсеу жұмыстары уақытынан бұрын аяқталды
7 Шілде, 2016 16:57

«Нұрлы жол»:Осакаровка-Батпақ учаскесіндегі цемент бетонын төсеу жұмыстары уақытынан бұрын аяқталды

Кесте бойынша жұмысты 1 ай ерте аяқтап, Осакаровка-Батпақ бағытындағы учаскеге цемент бетон төсеу аяқталды.
«Нұрлы жол»:Осакаровка-Батпақ  учаскесіндегі цемент бетонын төсеу жұмыстары уақытынан бұрын аяқталды

«Орталық-Оңтүстік» дәлізінің осы учаскесінде құрылыс жұмыстары 2014 жылдан басталған, ал толық тапсырылым мен пайдалануға берілуі 2016 жылының 1 қазанына жоспарланған.

Құрылыс барысында осы учаскеде 300 000 тонна цемент-бетон қадалынған, ұзындығы 21 шақырым жол төсемі орналастырылған.

Оскаровка-Батпақ учаскесінің қайта жаңарту бойынша жұмыстарында 3 көлік жол айырығы (Озерное, Молодежное, Батпақ), 3 көпір, ауыл шаруашылық техникасына арналған 3 өтпе, 36 су өткізетін құбырларды орналастыру жоспарланған. Қайта жаңартудан кейін автожол бойындағы көліктің қозғалысы І категориясына сәйкес 4 жолақты болады.

Бүгінгі таңда учаскеде 353 адам және жол-құрылыс техникасының 211 бірлігі жұмылдырылған.

Айта кетейік, «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізінің қайта жаңартуы «Нұрлы жол» Мемлекттік бағдарламасы аясында жүргізіледі, және де Қарағанды, Балхаш қалалары арқылы өтетін Астана мен Алматы қалаларының агломерациясын байланыстыратын автожолдың құрылысы мен қайта жөндеуін қосады.

«Орталық-Оңтүстік» дәлізінің қайта жаңартуы барлық автокөліктердің, оның ішінде транзиттік көліктердің жол жүру уақытын азайтады. Осы жұмыстар әлеуметтік-экономикалық дамуының күрт өсуін, жаңа жұмыс орындарының, жаңа өндіріс орындарының ашылуына қолайлы жағдай береді, жол бойындағы қызметінің сапасын жоғарылатады.

Барлық жаңалықтар