• Басты
  • Жаңалықтар
  • Биылғы жазда 2 миллионнан астам бала Қазақстанның сауықтыру лагерьлерінде демалады

Биылғы жазда 2 миллионнан астам бала Қазақстанның сауықтыру лагерьлерінде демалады

7 Шілде, 2016 15:07
Жазғы демалысты ұйымдастыру мен демалыс кезінде жастар туризмін дамытуға арналған селекторлық жиында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева жазғы демалыс кезеңінде балаларды барынша сауықтыру демалыстарымен қамтуды тапсырды, деп хабарлайды pm.kz.

ҚР Білім және денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, осы жазда елімізде жұмыс істеп тұрған 11 893 сауықтыру лагерьлері мен алаңдарында 2 млн. 116 мың баланы қамту жоспарланып отыр. Бұл бүгінгі таңда 2 млн. 562 мың баланы құрайтын 1-10 сынып оқушылары жалпы санының 83 %-ы. Биыл әлеуметтік әлсіз топтардың 507 930 баласы сауықтыру демалыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады және ол қызмет мемлекет бюджетінің қаржысы есебінен жасалады.

Мәжіліс барысында демалыс кезінде балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелерге жіті назар аударылды. Бұдан бөлек, балаларды таситын жолаушыларды тасымалдайтын көліктерде және демалыс орындарына бекітілген медициналық ұйымдардың қауіпсіздікті қамтамасыз етулерін ескертті ҚР Премьер-Министрлің орынбасары.

«Бұл мәселелермен әкімдіктер айналысуы керек. Олар арнайы орындар мен орналасуларын ұйымдастырулары керек; құтқару қызметі міндетті түрде болулары қажет»,-деді Д.Назарбаева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануларына тапсырма берген кезінде. 

Барлық жаңалықтар