- Басты
- Жаңалықтар
- Астана күні мерекесінде Шардарада мұражай ашылды (ФОТО)
Астана күні мерекесінде Шардарада мұражай ашылды (ФОТО)
Облыстық бюджеттен бөлінген 107 млн. теңгеге ауданы 1800 шаршы метрді құрайтын мұражай құрылысы былтыр шілде айында басталып, осы жылғы шілдеге дейін «Жер-Су-Жол-Сервис» ЖШС-мен жүргізіліп, уәделі мерзімде тапсырылды.
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Айтөреев, аудан әкімі А.Абдуллаев, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Г.Аренова құттықтау сөз сөйлеп, жаңа мұражай халықтың игілігіне қызмет көрсете берсін деген тілектерін айтысты.
Құрылыс жұмысын өз дәрежесінде жүргізген «Жер-Су-Жол-Сервис» серіктестігінің бас инженері Қанат Ержігіт жаңа нысанның кілтін аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Нұрлан Сымайыловқа салтанатты түрде табыс етті. Ғимараттың ашылу салтанатына куә болған еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары ел игілігіне беріліп отырған музей үйінің іші-сыртын аралап көрісті. Талапқа сай салынған қос қабатты ғимараттың көркіне көздері тойған еңбек ардагерлері «бұл нысан Астана күніне лайықты тарту болды» десті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары