К.Мәсімов жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүр

7 Шілде, 2016 12:46
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапарының бағдарламасы Байқоңыр қаласында басталады, онда Кәрім Мәсімов көп бейінді қалалық аурухананың жұмысымен танысып, өңірдегі әлеуметтік саланы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту туралы есептерді тыңдайды.

Премьер-Министрдің жұмыс сапары «Крайний» әуежайына барудан басталды. Бүгін «Байқоңырдан»  «Гагарин бастауынан» «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды. Ол  жаңа сериядағы көліктік  жоба кемесі «Союз МС» бірге ұшырылды.

Кеменің станциямен кездесуі 2016 жылдың 9 шілдесіне жоспарланған.

Айта кетейік, сапар бағдарламасы бойынша К.Мәсімов суармалы егіншіліктің су шаруашылығы инфрақұрылымының қалпына келтіру бойынша жұмыс кеңесін өткізеді. 

 

Барлық жаңалықтар