- Басты
- Жаңалықтар
- Сарыағашта екі мәдениет үйі пайдалануға берілді
Сарыағашта екі мәдениет үйі пайдалануға берілді
Қос елдімекендегі ғимараттардың ашылуына облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Е.Тілеубердиев пен Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарлары А.Есбаев пен Қ.Қыстаубаевтар қатысты. Пайдалануға берілген мәдениет нысандарының екеуі де толықтай құрал-жабдықтармен, компьютерлермен және жиһаздармен қамтамасыз етілген. Мәдениет үйлерінің жанында кітапхана, оқу залы, жоғары жылдамдықта істейтін интернет пен телефон байланыстары бар.
Ауданның Ақтөбе ауылдық округіндегі Қызыләскер елді мекенінде орналасқан 150 орындық мәдениет үйінің құрылысына облыстық бюджеттен 90 млн. теңге қаржы жұмсалған. Ал Тегісшіл ауылдық округіндегі Таскескен елді мекенінде орналасқан 75 орындық мәдениет үйіне облыс қазынасынан 61 млн. теңге қаралған.
Жалпы аудан бойынша осы жылы мәдениет нысандары жоқ ауылдық округтер мен елді мекендерге мәдениет нысандары, яғни, ауылдық клуб пен кітапханалардың құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Сарыағаш қаласы және Бірлік, Жібек жолы, Құркелес ауылдық округтерінде мәдениет нысандарының құрылысы осы жылы аяқталып, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы меркесіне орай, халыққа осы жылдың қыркүйек айына дейін толық пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, биыл 4 саябақ пен 1 мәдениет үйінің жобалық сметалық құжаттары дайындалып, облыстық салалық басқармаға тапсырылды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады