- Басты
- Жаңалықтар
- Инновациялар: СҚО-да бiрегей құрылыс материалын өндiретiн кәсіпорын ашылды
Инновациялар: СҚО-да бiрегей құрылыс материалын өндiретiн кәсіпорын ашылды
Ерекшелiгi жаңа құрылғыны жобалау мен жинауды зауыт қызметкерлерi өздерi жасаған. Негiзгi шикiзат — битумды сақтаудың да өз ерекшелiгi бар. Жаңғыртылған өндiрiстi ашқан облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов өнiмнiң маңыздылығына тоқталды.
«Жақында индустрияландыру бағдарламасына енген жобаларды ашуға қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Бiздiң қызметiмiздiң басты мақсаты — халықты лайықты табыс деңгейiмен қамтамасыз ете алатын жұмыспен қамту iсi», — дегендi айтты. Жаңа цехтың ашылуы тауар түрiн көбейтiп қана қоймай, сапасын да жақсартып, экспортқа шығаруға мүмкiндiк бередi», — дедi Ерiк Сұлтанов.
«Блок» ЖШС бас директоры Казимир Богамедов аталған материалдың көп артықшылығы бар дейдi. Оның құрамына қирау мен бұзылуға төзiмдi берiк арматура енедi.
Сондай-ақ, бiрегей қасиетiне байланысты ризолин материалының қолданыс ауқымы кең. Ол iргетасты, шатыр мен жабындыларды, ғимарат қабырғасын, сонымен қатар, бассейн мен жер асты құбыр жолдарын гидрооқшаулау үшiн қолданылады. Желiмденетiн негiзiне сай оны ламинат пен паркеттiң астына төсеуге болады. Аталмыш материалдың артықшылығы қолдануға өте ыңғайлы. Ризолинмен кәсiби құрылысшымен қатар, қарапайым адам да оңай жұмыс iстей алады.
«Блок» ЖШС-де цехтың ашылуымен жұмыс орыны да артты. Зауыт қызметкерлерiнiң саны тағы 15 адамға толықты.
Өнiмнiң экспортқа шығуға мүмкiндiгiнiң болуы да үлкен жетiстiк. «Бiзде өнiмдi Еуропаға жеткiзуге мүмкiндiк беретiн еуропалық стандарттарға сәйкестендiру сертификаты бар», — дедi Казимир Абулович.
Компания өз тарихында көптеген электрооқшаулағыш түрлерiн өндiрдi. «Блок» ЖШС өнiмiн Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь мемлекетi және өзге де достастық елдерi танып, баға берiп үлгерген. Жақын арада бұл елдерде солтүсткiқазақстандық ризолин өнiмiнiң таралуы да ықтимал.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды