- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында «БЖК – 2020» аясында жалпы сомасы 62,7 млрд. теңгені құрайтын 619 жоба іске асырылмақ
Жамбыл облысында «БЖК – 2020» аясында жалпы сомасы 62,7 млрд. теңгені құрайтын 619 жоба іске асырылмақ
Болат Есімбековтың айтуынша, шағын кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектің бірі – оларға несие беру болып табылады.
2016 жылдың қаңтар-сәуір аралығында 4440,0 млн.теңге несие берілген (2015 жылдың тиісті кезеңінде 4012,6 млн. теңгеге несие берілген). Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асуда. Бағдарламаның жүзеге аса бастаған уақытынан бері барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 62,7 млрд. теңгені құрайтын 619 жоба жүзеге асуда. Оның ішінде, Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарындағы «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша, жалпы сомасы 52,4 млрд. теңгені құрайтын 497 жоба жүзеге асуда. «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» тетігі бойынша жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайтын 67 жоба жүзеге асуда. Осы тұста айта кетерлік жағдай, егерде «Субсидиялау» құралы бойынша жүзеге асырылған жобалардың дені Тараз қаласында болса, ал «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бойынша көрініс қарама-қарсы болып отыр. 8 жоба Тараз қаласының үлесіне тисе, қалған 59 жоба облыс аудандарының еншісіне тиіп отыр.
«Сонымен қатар, 2015 жылы Жамбыл облысы «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі республикалық деңгейде бірінші орын (субсидиялау бойынша 140 келісім-шарт), «Кредиттерді кепілдендіу» бойынша екінші орын алғандығын мақтанышпен атап өтуге болады. Басқарма тарапынан тұрақты түрде «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының тетіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілір тұрады. Бағдарламаның жүзеге асуы арқасында 11 мың жуық жыұмыс орындары сақталып, 3000 астам жаңа жұмыс орындары құрылды. 10 млрд. теңге салық төленді. Облысымызда ірі компаниялардың өнімдер мен қызметтерді сатып алуларында жергілікті қамтудың ұлғаюы бағытында белменді түрде жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі таңда өңірдің кәсіпорындары арасында 58,7 млрд. теңгені құрайтын 223 меморандумға қол қойылған. Сондай –ақ. облысымыздың моноқалаларында шағын және орта бизнесты қолдау мақсатында Әріптестік бағдарламасы (Ірі кәсіпорындар және шағын бизнес арасындағы ынтымақтастық) жүзеге асуда. 2016 жылдың қаңтар –наурыз айларында Қаратау және Жаңатас қалаларындағы ірі кәсіпорындар және шағын бизнес арасындағы 117,5 млн. теңгеге контракттар мен келісім шартта жасалған»,- деді Болат Есімбеков.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар