- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 3 әлеуметтік нысанның ашылуы 58 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті
ОҚО-да 3 әлеуметтік нысанның ашылуы 58 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті
Солардың бірі жеке кәсіпкер Ербол Қарнақбаев салған 150 орындық балабақша. Ол Созақ ауылындағы ескі мектеп ғимаратын қайта күрделі жөндеуден өткізіп, ауыл халқының игілігіне пайдалануға беріп отыр. Лента қию рәсімінде аудан әкімі барша тұрғындарды бас қаламыз Астана күнімен құттықтап, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтті, деп аудан әкімдігінде хабарлайды.
Заман талабына сай жабдықталған «Ербол» балабақшасында балаларға қажеттінің барлығы бар. Демалыс бөлмесі, медицина кабинеті, асхана, балалардың өнер көрсететін кең бөлмесі, тіпті бейнебақылау камераларыда орнатылған. Мұнда 46 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды. Осы күні Қыземшек кентінде жеке кәсіпкер Қарлығаш Нұрмаханованың ұйытқы болуымен 100 орындық «Сымбат» балабақшасы ашылды. Аталған балабақшада бүгінде 8 адам жұмыспен қамтылса, алдағы уақытта қыземткерлер саны артатын болады.
Созақ ауданында осы уақытқа дейін 3 176 бала - балабақшамен қамтылып, «Балапан» бағдарламасының орындалуы 85,4 пайызға жетсе, бүгінгі пайдалануға беріліп отырған 2 балабақшамен бағдарламаның орындалуы 87 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін тағы 8 балабақшаны ашу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қыземшке кентінде ашылған тағы бір нысан ол– мал сою алаңы. Жеке кәсіпкер Мейрамбек Жүзбаев басқаратын мал сою алаңында 4 адам жұмыспен қамтылып отыр. Шағын мал сою алаңы күніне 500 кг ет өнідіреді. Алдағы уақытта сұранысқа сай, жұмысшы саны да көбейе түспек.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары