- Басты
- Жаңалықтар
- Астана күнінде 940 ақтөбелік баспаналы болды (ФОТО)
Астана күнінде 940 ақтөбелік баспаналы болды (ФОТО)
Олардың қатарында қалалық тұрғын үй қорында кезекте тұрған 192 тұрғын, «Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 206 (операторы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы») отбасы бар. 540 отбасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ АФ арқылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша өз баспаналарына жеке меншік құқықтарына ие болды.
Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерге пәтер кілттерін табыстай отыра, атаулы күндермен құттықтады.
“Биыл біздің мемлекетіміздің Тәуелсзідігінің 25 жылдығы атап өтілуде. Бұл күнді жоғары көрсеткіштермен және үлкен жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аймақта жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында бізде әлеуметтік нысандар салып, жолдарды жөндеуге, тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндіктеріміз бар”, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Айта кету керек, жыл басынан бері 632 отбасы баспана мәселелерін шешті, олардың 206-сы кезекте тұрғандар, 234 жас отбасы, тағы 192 пәтер «ҚИК» бағдарламасы бойынша алынды. Жыл соңына дейін тағы 1215 отбасы баспаналы болады деп күтілуде.
Қоныс тойын тойлап жатқандардың арасында тұрмыстық техника ұтыс ойындары ойнатылды.
Сонымен бірге, жеке тұрғын үй құрылысына қажетті жер кезегінде 2003 жылдан бері тұрған 500 ақтөбелікке жер телімдері берілді. Биыл барлығы жеке тұрғын үй құрылысына 4224 жер телімі беріледі. 1250 адам «Ақшат-2», «Красносельское-2», «Шилісай-2», «Шилісай-1», «Қанағат», «Бауырластар» аудандарынан жер алды. Тағы 3000 жер телімі жыл соңына дейін жер алады деп жоспарланып отыр.
Сонымен бірге мереке күнінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Бурабайдағы «Тәуелсіздік» санаторийіне жолдамалар берілді, есту қабілеті шектеулі жандарға 10 компьютер тарту етілді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды -
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды