• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2016 жылдың соңына дейін отандық автокөліктердің үлесі 35% құрайды (БЕЙНЕ)

Қазақстанда 2016 жылдың соңына дейін отандық автокөліктердің үлесі 35% құрайды (БЕЙНЕ)

7 Шілде, 2016 09:16
Қазақстанда 2016 жылдың соңына дейін отандық автомобильдердің үлесі 35% құрайды, деп хабарлады Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев.

«Алғаш 2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың наурызына дейін Қазақстанда автомобиль сатылымының құлдырауы тұрақтанып, сәуір-мамыр айларында 8% өсімге шықты. Яғни, 2014 жылы тоқтаусыз құлдыраған сатылым қалыпқа түсіп, қайтадан өсім өріс алды. Бұған екі фактор әсер етті. Бірінші – Ресейден тасымалданатын автокөліктер тоқтады. Екінші – жеңілдетілген несие бағдарламасы мен теңге мен рубльдің айырмашылығы қалыпқа түсті»,-деп мәлімдеді ол.

Сарапшының айтуынша, қазақстандықтар үшін Ресейге барып, автомобиль сатып алатындай еш негіз жоқ. Өйткені, ондай мүмкіндік Қазақстанда да бар.

«Мамыр айында отандық автомобильдердің үлесі 30%-ға дейін артты. Бұл дағдарыс дегеннің өзінде алғашқы бес жылдық тарихындағы үлкен көрсеткіш. Бізде 168 мың нарық болған кезде, қазақстандық авто нарығы 21% ғана болған еді. Ал, қазір 30%. Жыл соңында қойылған жоспар бойынша 35%-ға жеткіземіз деп үміттенемін»,-деді А.Лаврентьев.

Сарапшы атап өткендей, барлық ресми диллерлер мендистрибьюторлар қалды.

«Автомобиль бизнесі нарықтың құлдырау сәті болып тұратын сала. Ондай ауыр жағдайлар болады. Мәселен, Ресейден автомобиль тасымалына байланысты проблема болатынын ешкім күткен жоқ. Бұл басты себеп. Мәселе теңгенің девальвациясында емес, басты проблема – бұл тасымалданған 300 мың авто біздің нарықты 1,5 жылға тоқыратты. Қазір олар тоқтады және нарық қайта көтеріле бастады»,-деді ол.

Индира Қауметова

Бейнетаспа Азамат Алиевтікі

Барлық жаңалықтар