- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 134,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді
Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындары 134,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді
Болат Есімбековтың айтуынша, Елбасымыз бес институционалды реформа жүргізу туралы бастама көтеріп, Ұлттық Жоспары «100 нақты қадам» әзірленді. «100 нақты қадам» дегеніміз – ғаламдық және ішкі қауіптерге жауап болуымен қатар, жаңа тарихи кезеңде әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылудың Ұлттық жоспары. Өздеріңізіге белгілі жоспардың негізін бес институционалды реформа құрайды.
Атап айтқанда, кәсіби мемлекеттік аппарат құру; заңның үстемдігін қамтамасыз ету; индустрияландыру және экономикалық өсім; біртектілік және бірлік; есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. Мен үшінші бағыт – «индустрияландыру және экономикалық өсім» бағытына тоқтала кетер едім. Минералды-шикізат ресурстарының үлкен қорларына байланысты облысымызда таукен және газ өңдеу, химия, тамақ, металлургия өнеркәсібі, құрылыс материалдар өндірісі едәуір дамыған. Өнеркәсіп өндірісінің негізін 372 ірі, орта және шағын кәсіпорындар құрайды. Мұнда 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, немесе экономика саласындағы қамтылғандардың 13%.
«2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 134,8 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,1% құрады. Облыс экономикасының басымды бағыты шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Облыста 59 308 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде 4031 - шағын бизнестегі заңды тұлғалар, 56 - орта кәсіпорындар, 39 586 - жеке кәсіпкерлер, 15 635 - шаруа қожалықтары.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 126,9 мың адам жұмыспен қамтылған, немесе облыс экономикасындағы белсенді халықтың 23,5% құрайды. 2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 327,6 млрд.теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндірілді (өткен жылмен салыстырғанда - 99,7%).
2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімде ШОК үлесі 19,6% құрады және республикамыздың өңірлерінің арасында 11 орынды алып отыр. Сонымен қатар, әлемдік экономикадағы келеңсіз тенденциялар облысымыздың өнеркәсіп саласының бірқатар салаларының төмендеуіне әсерін тигізіді. 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өнім көлемі төмендеген, олар: химия өндірісі (НКИ - 93,6%); жеңіл өнеркәсіп (НКИ - 99,6%); дайын металл бұйымдарының өндірісі ( 47,5%); машина жасау (ИФО 72,6%). Аталған жағдай нарық коньюктурасының өзгеруіне немесе кәсіпорындардың өнімдері мен қызметтеріне тапсырыстардың азаю және жоқтығына байланысты болып отыр. Аталған жағдайдан шығу мақсатында шаруашылық етуші субъектілер жаңа өткеру нарықтарын іздестіріп, өнімнің өзіндік құнын төмендету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде»,-деп мәлімдеді басқарма басшысы.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес