- Басты
- Жаңалықтар
- Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко қазақстандық балаларға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлауда
Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко қазақстандық балаларға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлауда
«Сіздерде спортқа үлкен көңіл бөледі. Мен сіздердің командаларыңыздың «Барыс» аренасын көрдім және ол үлкен мүмкіндік пен келешек беретініне сенімдімін. Ол жердің алаңы өте әдемі, үлкен, алдағы уақытта тек нәтиже көрсету ғана қалды. Менің ойымша, нәтиже болады. Керемет футбол алаңы, коньки тебетін алаң. Мен ол жерлерде болдым. Керемет. Маған ұнады»,-деді Е.Плющенко.
Сонымен қатар, спортшы сөз барысында кәсіби мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық балаларға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап жатқандығын атап өтті. Оның айтуы бойынша, бұл ой қазақстандық балалардың «Қар патшасы-2» шоуына қатысқанынан кейін келді.
«Мен үшін қазақстандық балалармен жұмыс жасау мәртебе болды. Олар тез үйреніп кетеді. Олардың қазірден бастап үлкен спортшылармен сырғанауы, келешекте үлкен тәжірибе әкеледі. Олар қарайды, тез алып кетеді. Осындай тәжірибе бірнеше жылдан кейін оларға серпіліс береді. Мен осында шеберлік сабағы мен семинарлар өткізу бойынша Мәдениет және спорт министрлігімен сөйлескім келеді. Біз өзіміздің ұжымымзбен бірге жаттықтыра аламыз – олар хореографтар, жалпы физикалық дайындау бойынша жаттықтырушылар. Мен оларға қандайда бір бағыт бере аламын»,-деді Олимпиада чемпионы.
Айта кетейік, шеберлік сабағын осы жылдың қыркүйек айында өткізу жоспарланған.
Анар Тәңірқұлова
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды