Е.Плющенко: Барлық қазақстандықтарға бейбіт өмір мен гүлденуді тілеймін!

6 Шілде, 2016 12:28
Астанада мәнерлеп сырғанау жұлдызы Евгений Плющенко Астана күнінің 18 жылдық туған күніне орай «Қар патшасы-2» атты шоуды қазақстандық көрермендерге таныстырды. Қойылымға танымал спортшылар қатысты: Ирина Слуцкая, Бриан Жубер, Томаш Вернер, Фиона Залдуа және Дмитрий Суханов, Сергей Якименко және Ирина Усенко, Екатерина және Александр Честны.

Шоуға келушілерді мәнерлеп сырғанаудың элементімен жарқын бағдарлама күтті, сонымен қатар цирктік және иллюзиялық шоулар. Сондай-ақ, қонақтар алдында әуе гимнасттары да өнер көрсетті.

«Шоуға жарты жылдай дайындық кетті. Басында бірінші «Қар патшасы» болды. Оны жарты жылдай дайындадық, содан кейін тағы бір «Патшаны»- тағы жарты жыл дайындадық. Біз бұл шоумен Санкт-Петербург, Мәскеу мен Сочи қалаларына да келдік. Алдағы уақытта гастрольдік сапармен Қытайға, Япония, Корея , АҚШ, Финляндия, Франция, Шведция, Канада, жалпы алғанда барлық әлем бойынша сапар жасауды жоспарлаудамыз. Біз 50-ден астам рет сырғанадық. Біздің шоу – ол отбасылық бағыттағы шоу. Ол бірінші кезекте балалар үшін, сондай-ақ үлкен адамдарға да арналған. Біз тәжірибелі мәнерлеп сырғанаушыларға, сапалы музыкаға, костмдерге, қойыдымдар мег трюктерге тірек жасадық. Сондай-ақ режиссер Алексей Голубев толық фильм жасады»,-деп сұхбат барысында алғашқы әлемдегі мәнерлеп сырғнаушы – төрт олимпиада медалінің иегері, үш дүркін әлем чемпионы, Еуропаның жеті дұркін чемпионы Евгений Плющенко айтып өтті.

Оның айтуы бойынша, «Ұар патшасы-2» жақсарту мн жаңғырту бойынша жоспарлар бар, сонымен қатар «Щелкунчик» атты жаңа қойылым қою жоспарлануда.

«Біз ары қарай жылжимыз. Тамыз айының соңында жаңа жобамен жұмыс жасаймыз – ол «Щелкунчик», оның тұсаукесері 23-нен 30 желтоқсан айында Мәскеу қаласында боалыд, содан кейін 2-7 қаңтар айында Петербургке барамыз. Сондай-ақ осы қойылыммен сіздерге де келу жоспарымызда бар. Тек Астанаға ғана емес, сонымен қатар, Алматы мен Қарағандыға»,-деді ол.

Айта кетейік, Еуропаның жеті дүркін чемпионы Қазақстанға алғаш рет келуде. Спортшы Қазақстанға деген таңданысымен бөлісті, сондай-ақ елімізді мерекемен құттықтады.

«Мен Қазақстанға бірінші рет келдім. Ұйымдастырушыларға қонақжайлылық үшін рахмет. Астана күні кезінде осында болғанымызға қуаныштымыз, біз бұл мерекенің бөлшегіміз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бізді шақырғанына рахмет. Барлық қазақстандықтарға бейбіт өмір мен ынтымақтастық тілеймін»,-деді Е.Плющенко.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар