А.Саакян: Астана - Қазақстан халқының басты символының бірі

6 Шілде, 2016 14:31
Ұлттық бірлік тек қоғамдық мәдениет, тіл, гегорафия және тарихпен ғана анықталмайды, сонымен қатар астанасымен де анықталады. Елорда – халықтың басты символының бірі, деп ҚР-ғы Армения Республиксының Төтенше және Өкілетті елшісі Ара Саакян Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.

«Мен шын жүректен барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын. Ұлттық бірлік тек қоғамдық мәдениет, тіл, гегорафия және тарихпен ғана анықталмайды, сонымен қатар астанасымен де анықталады. Елорда – халықтың басты символының бірі»,-деді елші.

Дипломаттың айтуы бойынша, елшіліктің жұмысы тікелей Астанамен байланысты. Ол өз сөзінде, қала тұрғындары астананы қорғап, жақсы көретіндігін айтып өтті.  

«Күн сйын астана әсем қалаға айналуда»,-деді А.Саакян.

Ботагөз Айтжанова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар