- Басты
- Жаңалықтар
- Астана күніне орай Орал тұрғындарына 72 пәтердің кілті табысталды (ФОТО)
Астана күніне орай Орал тұрғындарына 72 пәтердің кілті табысталды (ФОТО)
Салтанатты шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов және осы ғимаратты салған «СКФ Отделстрой» ЖШС директоры Валентина Михно қатысты.
Алтай Сейдірұлы тұрғындарды құттықтап, “Нұрлы жол” бағдарламасының біздің облысымызда да қарқынды жүзеге асып жатқандығына тоқталды.
«Құрметті батысқазақстандықтар, баршаңызды Ораза айтымен құттықтаймын! Сіздерге көпқабатты үйдің кілтін Елорда күніне орай табыстап жатырмыз. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз, Тәуелсіздігіміздің нышаны, бірлік пен еңбектің көрсеткіші. Елбасы жыл сайын әлеуметтік мәселелермен айналысып, халықты тұрғын үймен қамту мақсатында талапты күшейтуде. Мемлекеттен бөлінген қаражатқа «Нұрлы жол» бағдарламасымен 14 көпқабатты үй, яғни 1500 ден астам пәтер қолданысқа берілетін болады. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік жағдайына байланысты кезекте тұрған отбасыларға ұсынылады. «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ салымшыларына арналған үш үй құрылысы аяқталады. Сонымен күз мезгіліне дейін көпқабатты үш, ал жыл соңына дейін көпқабатты он төрт үй қолданысқа беріледі. Соның ішінде бір тоғыз қабатты үй Ақсай қаласының тұрғындарына арнап салынуда. Жаңа үйге қоныстанғалы отырған халықты тазалыққа, мәдениеттілікке шақырамын. Ауланы таза ұстап, талдар егіп, абаттандыруға ат салысыңыздар,- деді Алтай Сейдірұлы.
Айта кетелік, «Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын «СКФ Отделстрой» ЖШС мен бірге «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы жүзеге асырып келеді. Орал шаһарында бұл бағдарламаның орындалуына қала әкімдігі белсене атсалысуда.
Бұл бағдарламаға жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, жетім балаларға қатысуға рұқсат берілген.
«Бұл бағдарлама отбасымыз үшін қолжетімді. Пәтеріміз екі бөлмелі, 63 шаршы метр. Әр шаршы метрі жүз мың теңгені құрайды. Яғни пәтердің толық бағасы 6 млн 300 мың теңге. Бұл соманың елу пайызын үш жыл, алты ай дегенде жинадық. Бұған дейін пәтер жалдап тұратынбыз. Ұлымыз Еркеш төрт жаста, қызымыз Алима үште. Өзім Орал магистральды газ құбырлар басқармасының, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да инжинер болып істеймін, келіншегім Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың политехникалық факультетінің энергетика кафедрасында аға оқытушы, -дейді Гайдар Серіков.
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар -
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
Шетелдегі диаспоралармен байланыс саясаты: әлемдік және отандық тәжірибе -
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр