- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың туған күніне орай Алматыда бірқатар нысандар ашылды
Астананың туған күніне орай Алматыда бірқатар нысандар ашылды
Алматыда еліміздің жүрегіне айналған Астана қаласының туған күніне орайластырылған бала бақша мен әлемдік брендтегі қонақ үйдің ашылу салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.Мегаполистің Әуезов ауданында орналасқан әрі мемлекеттік- жеке әріптестік аясында салынған бала бақшаның жалпы көлемі 1,6 мың кв.м. Мегаполис басшысы бұл істің әлеуметтік маңызын атады. Ауданның халық тығыз орналасқан аумағында ашылған бала бақша алғашқы кезде 180 балдырғанды қамтиды, қабылдау әрі қарай жалғасатын болады. Мектеп жасына дейінгі жаңа мекеменің ашылуы арқасында 45 жұмыс орны пайда болды, мұнда 25 педагог жұмыс істеп, сәбилерге үш тілде-қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәріс береді.
Бала бақшаға ақы төлеу де ерекше. Яғни, «Балапан» бағдарламасының арқасында әр сәбиге кететін шығынның бір бөлігін мемлекет төлейді.
Дәл осы күні әкім көлемі 15 мың шаршы метр болатын, 190 нөмірі бар әлемдік брендтегі 4 жұлдызды «Shera Park Inn» қонақ үйінің ашылуына да қатысты. Нысан Медеу ауданында орналасқан. Әкім мұндай қонақүйлердің қажет әрі маңызды екенін айтты. Қонақ үйдің ашылуы тұрақты 80 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Мұндай мейманханалардың көп салынуы қонақ үй бизнесінде бәсекелестікті қалыптастырып, «Универсиада - 2017» сынды халықаралық жарыстар кезінде қаланың беделінің арттырады. Қонақүй құрылысында отандық кәсіпорындардың материалдары кеңінен пайдаланылды.
Қалада кіші және орта бизнес үлесі артуда. Алматы да барлығы 185 000 кіші және орта бизнес субъектілері тіркелген. Бұларда 580 000-нан астам адам жұмыс істейді. Өткен жылы КОБ 4,2 трлн. теңгенің өнімін шығарды, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 21,1%-ды құрады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды