- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар Астананың 18 жылдығын тойлауда
Қазақстандықтар Астананың 18 жылдығын тойлауда
Елордамыздың аяққа нық тұруына Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сепкі болды. Президен өзінің бір баяндамасында, астананың Ааматыда Астана қаласына көшірілуі мемлекеттің дамуы үшін геосаяси шешім болғандығын айтқан.
Бүгінгі күні Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды және Астана ерекше маңызға ие болды.
Айта кететін жайт, өзінің 18 жылдық туған күнінде Астана миллионер қаласына айналды. Елордамыздың миллионыншы азаматы болып Саида атты қыз болды.
Астана күні мерекесі Мәжілістің бастамасымен 2008 жылдың 25 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңына толықтырулар енгізу туралы» №47-6 ҚР Заңымен бекітілді.
Аталмыш мереке заң шығарушылардың пайымдауынша, халық үшін тарихи-мәдени мағына береді және астананың жетістігінің символы.
Дәстүр бойынша Астана күні мерекесі 4 маусым күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуысен мемлекеттік туды көтерумен басталады.
Ұлт көшбасшысы қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, барлығына тыныштық пен бейбіт өмір тіледі.
«Биыл біз Астананың 18 жылдық туған күнін тойлаудамыз – бұл кәмелетке толған жас. Тәуелсіздікпен туғаннан кейін Астана айтарлықтай өсіп, жақсы жаққа өзгеруде. Бұл қала елдің авангардына тұр, оларды біріктіріп, жаңа тыныс беруде»,-деді Елбасы.
Астана күніне орай өткізілген мерекелік қабылдау кезінде Елбасы Астана күнін тойлау биыл ерекше мағына беретіндігін айтып өтті, өйткені ол Тәуелсіздіктің 25 жылдыңымен тұспа-тұс келіп тұр.
«Астана нақты мемлекеттің өмірін көрсетеді. Астана-ол әрбір халықтың арқауы. Осындай мегаполиске Астана қаласы айналды. Жаңа астананы құру біздің еліміздің ерекше тарихы болып қалады. Астана біздер үшін – бірлік, ынтымақтың символы»,-деді Мемлекет басшысы.
Қорытындылай келе, Астана – бұл динамикалық дамып келе жатқан қала. Өзінің жас қала екендігіне қарамастан, астанананың көптеген Қазақстан Президентімен қойылған тапсырмалары мен жоспарлары бар және артқа шегінетін жол жоқ.
Ботагөз Айтжанова
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
Қазақстандықтар карантин жағдайында ДСМ ұсыныстарын қалай орындап жүр -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Елордада Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай ғылыми конференция өтті