- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлан Жұмагелдин: Болашақтықтардың көпшілігі қарапайым отбасынан шыққандар
Ұлан Жұмагелдин: Болашақтықтардың көпшілігі қарапайым отбасынан шыққандар
- «Болашақ» бағдараламасының сенің өмірің үшін қаншалықты маңызы бар?
- «Болашақ» бағдарламасының арқасында мен Ұлыбританияның ең үздік деген университеттерінің бірінен білім алу мүмкіндігіне ие болдым. Менің ойымша, бағдарламаның жүзеге асырылуы біздің ел үшін керемет пайда әкеледі. Әрине, мемлекет тарапынан аз шығын кетіп жатқан жоқ. Сөзсіз, отандық білім беруді дамыту керек. Алайда қазіргі жағдай осындай, өзіміздің білім беру сапасы мақтанарлық дәрежеде емес. Алайда Қазақстанда жастарды әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқытуға жағдайы жетеді. Болашақтықтардың көпшілігі мен секілді қарапайым отбасынан шыққан балалар. Егер шет елде оқу құны қымбат болғанда біздің көбіміз оны көтере алмас едік.
- Байқауға қатысуға не себеп болды?
- Әрине, білім алуға деген құштарлық. 11 сыныпта мен білім сапалы білім беретін оқу орындарын іздестірдім. «Болашақ» бағдарламасын естіген бетте бағымды сынап көруге бел байладым.
- Оқу кезінде қандай да бір қиындықтармен бетпе бет келген кездеріңіз болды ма?
- Қиындықтар болды дей алмаймын. Алайда Ұлыбританияда білім алу оңай емес. Стипендияға ие болған бетте мен ол жақта оқудың қаншалықты жағдайда болатынын анық бағамдай алмадым. Атап айтатын болсам, университетке тіркелу секілді жұмыстардың өзі шет елде қиын болатыны анық. Оның үстіне өз бетімше өмір сүруім керек. Ешақашан шет елде болмаған адам үшін бұл жеңіл жұмыс емес.
Ал оқу барысында емтихан кездері қиын болатын. Университет сынағы жылына бір рет жыл соңында алынады. Бұл дегеніңіз жылдық алған білімңізді қайталап шығу керек деген сөз. Кейде күніне екі бірдей сынақ болатынын ескерсеңіз, әрине, оңай емес.
Ал жаңа ортаға, жаңа мәдениетке үйрену жағы қиындық тудырған жоқ.
- Оқуды аяқтағаннан кейінгі еңбек жолыңыз қалай жүрді?
- Мен университет қабырғасында жүрген кезден бастап металлургия факультетіндегі цех пен ғылыми-техникалық лабораторияда жұмыс істедім. Ал оқуды тәмамдағаннан кейін Астанаға қайттым. Әрине, жұрттың бәрі елордада жұмыс істегісі келеді. Алайда мен өндірісте мамандық бойынша қызмет ететін болып шештім. Нәтижесінде Теміртаудағы металлургия комбинатында еңбекке қабылдандым. Өндірісті дамыту жобаларымен жұмыс істедім. Үш жылдан кейін «Тенгизшевройлға» ауыстым.
- Келешек стипендиаттарға не тілейсіз?
- Алға қарай даму керек! Оқу барысында түрлі жобаларға, шараларға қатысып белсенділік танытыңыздар. Сапалы білім алып елге пайдаларыңызды тигізіңіздер.
-
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды -
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр -
Жолдау-2020:Экономиканы қалыпқа келтіру үшін бөлінген қаржы қалай жұмсалады -
Қарапайым санитарлық шараларды сақтау – вирусты азайтуға көмектеседі -
Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын толық игермеген мемлекеттік органдарды атады -
Д.Сәдуақасова: "Жас Ұлан" ұйымы балалардың халықаралық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді -
Коронавирус: Елордада дертке шалдыққандардың басым көпшілігі 18 бен 49 жас аралығындағы азаматтар -
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында қаржыландырылатын салалар тізбесі кеңейтілді -
Ә.Бектаев: Қарапайым еңбек адамдарын насихаттау жетіспейді -
Алматы облысының ІІМ ардагерлері ұлан сарбаздарымен кездесті -
Қарапайым заттар экономикасының әлеуетін толық пайдалану қажет – елорда әкімі -
ҚХА «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына үлес қоспақ -
«Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 2 мың жұмыс орны құрылады