- Басты
- Жаңалықтар
- Мәскеуде Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері болды (ФОТО)
Мәскеуде Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері болды (ФОТО)
«1991 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім оңай болған жоқ,алайда ол өте жауапты және батыл қадам болды. Ол жаңа дәуірді ашты – ядросыз әлем қозғалысының дәуірі. Ол барлық әлем бойынша басқа да төрт сынақ алаңдарының қызметін тоқтата тұру алғышарттары құрды. Содан бастап, әлемнің көптеген ірі саясаткерлері жаппай қырып-жою қаруының тоқтау маңыздылығын түсінді»,-деді ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман.
Ол жиналған журналистерге «Әлемді өзгеріске әкелген сөздер» атты кітабын таныстырды. Ол Семей ядролық полигонының жабылуына арналған мақалаларды кіргізді, сонымен қатар Президент Н.Назарбаевтың 5 жыл бұрын осы күннің 20 жылдығына арналған кірме сөзін кіргізді.
Кітаптың тұсаукесерінде Ресейдегі Қазақстан істеріндегі уақытша сенімді өкіл Марат Сыздықов ҚР Президентінің Семей ядролық полигонын жабудағы тарихи маңыздылығын атап өтті.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамызындағы Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Осы күннен бастап жаңа дәуір басталды»,-деді ол.
Дипломат Қазақстан Республикасының дәйекті саясаты туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Қазақстанның бастамасы бойынша 2006 жылы Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойылды, 2015 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ БАс ассамблеясының отырысында Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға бірдей Декларациясына қол қойылды.Ағымдағы жылдың наурыз айында ядролық қауіпсіздік бойынша Саммитте Қазақстан Президенті «Манифест. Әлем. 21 ғасыр» атты монументалды жобасын таныстырды»,-дедә М.Сыздықов.
Ресей мемлекеттік гуманитарлы университетінің президенті Ефим Пивоваровтың ойынша, қазақстандық көшбасшы Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімімен күрделі мәселелерге нүкте қойғандығын айтып өтті.
«Тарихшы ретінде Н.Назарбаевтың тек сөзбен ғана емес, сонымен қатар ісімен халқына және барлық адамзатқа пайда әкелді деп айта аламын. Бүгінгі күні ол жаһандық деңгейде сындарлы ісін жалғастыруда»,-деді Е.Пивоваров.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары