- Басты
- Жаңалықтар
- Астана күніне орай ОҚО-да бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
Астана күніне орай ОҚО-да бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 6 шілде – Астана күніне орай, Түлкібас ауданындағы үш елді мекенге көгілдір отын берілді. Осылайша, Күнгейдегі Түлкібас облыс бойынша 100 пайыз табиғи отынмен қамтамасыз етілген бірден-бір ауданға айналды.
Осы күні облыс басшысының қатысуымен Жаңаталап елді мекенінде 150 орындық орта мектеп ел игіліне берілсе, Түлкібас поселкесіндегі «Бәйтерек-4» ЖШС-нің көкөніс концервілеу және өңдеу зауыты ашылды. Жылына 1,5 мың тонна көкөніс өнімдерінен концервілеу шығаратын цехтың жоба құны 115 млн. теңге. Оның ішінде 55 млн. теңгесі өз қаржысы болса, 60 млн. теңгесі «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылған. Мұнда жергілікті 35 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Сонымен қатар, аймақ басшысы аудандағы күніне 30 тонна сүт өндіретін «Майлыкент сүт» зауыты мен 5 мың тонна нан өнімдерін шығаратын «Түлкібас нан» зауытында болып, өнеркәсіптің жұмысымен танысты.
Оңтүстіктің шығыс қақпасы саналатын жері шұрайлы, табиғаты тамаша 110 мың халық мекен ететін Түлкібас ауданы бүгінгі күні қарыштап дамып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші күн санап артып келеді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады