• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Теңізшевройл» Теңіз кен орны қуаттылығын кеңейту жобасына қаржыландыру жасайтындығын жариялады

«Теңізшевройл» Теңіз кен орны қуаттылығын кеңейту жобасына қаржыландыру жасайтындығын жариялады

5 Шілде, 2016 16:21
«Теңізшевройл» ЖШС Теңіз кен орны қуаттылығын кеңейту жобасын қаржыландыратындығын жариялады. Болашақты кеңейту үшін жобасы мен ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын қаржыландыру туралы шешім Батыс Қазақстан облысында орналасқан Теңіз кен өндіру қуатын кеңейтудің келесі қадамы болмақ.

«Ірі халықаралық компаниялармен қабылданған шешім, Қазақстанның қолайлы іскерлік ахуалы бар ел болып табылатындығын көрсетеді және бұл жерде ұзақ мерзімді инвестицияны бастауға болады.  Біз ТШО серіктестер шешімін қолдаймыз және алдағы уақытта жобаны табысты жүзеге асыру үшін одан әрі ынтымақтастықты асыға күтеміз»,-деді ҚР энергетика минитсрі Қанат Бозымбаев.

Оның айтуы бойынша, жобаға салынған инсвестициялық сома 37 млрд долларды құрайды. Алғашқы мұнайды алу 2022 жылға жоспарланған.

«Бұл жерде 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады және аталмыш жерде өнім жылына 12 млн тоннаға ұлғайады немесе тәулігіне 260 мың баррель, осыған орай, жылына 39 млн тоннаны құрайтын болады немесе тәулігіне 850 баррель. Максималды өндіріс кезеңінде бұл көрсеткіш тәулігіне 900 мың баррелді құрайтын болады. Ал бұл, біздің елімізге қосымша миллиардатар мен қосымша жұмыс орны келді»,-деді министр.

Жалпы алғанда, жобаға қазақстандықтардың 32 пайызы қатысады.

«Осы күнге дайындық барысында ТШО Теңіздегі кейбір құрылыс жұмыстарына кірісті. Қазақстандық жеткізушілердің көптегені жобалау, сатып алу, болашақты кеңейту модульдерін жасау бойынша қызмет көрсетуге кірісті»,-деп толықтырды ол.

Естерінізге сала кетейік, «Теңізшевройл» ЖШС барлау және игерумен, шикі мұнай өндіру және сатумен, көмірсутек газдарын төмендетумен айналысады. Серіктестік 1993 жылдың сәуір айында Қазақстанның үкіметі мен «Шеврон» компаниясы арасында ұйымдастырылды. Қазіргі күні олардың құрамына:  «Шеврон Оверсиз Компани» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - 20%, «ЭкспонМобил Қазахстан» - 25% және «ЛУКАРКО Б.В.» - 5% кіреді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар